Ұлттық банк 1 қыркүйекке арналған доллар бағамын белгіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ресей рублінің ресми бағамы 7.84 теңге болды

Фото: ашық дереккөзден

 Қазақстанның Ұлттық банкі 1 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни бейсенбі күні доллардың ресми бағамы қайта көтеріліп, 472.21 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, америкалық валютаның 31 тамыздағы ресми бағамы 468.8 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7.84 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 471 теңгеден сатып алынып, 476 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 469 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 472.21 (АҚШ доллары) 

EUR / KZT – 471.22 (еуро)

RUB / KZT – 7.84 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25.96 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 68.46 (қытай юані)

KGS / KZT – 5.85 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.33 (өзбек сомы).