Құлсары-Ақтау тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алған 34 жастағы жолаушы ауруханаға түсті

Атырауда жол-көлік оқиғасынан 2 адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«31 тамыз таңғы 04:20 шамасында Доссор-Құлсары-Ақтау республикалық тас жолының 74 шақырым тұсында Toyota автокөлігі аударылып, жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты», - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Жол апатынан жарақат алған 1988 жылы туған бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Тегтер: