Өрттің шығу себептері анықталуда
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Республика даңғылы бойында орналасқан №35 көпқабатты тұрғын үйдің 3 және 4- қабаттарында өртенген.
«Оқиға орнына алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімдері 1-ші және 4-қабаттағы үйдің сыртқы пластик қаптамалары мен шатыр жанып жатқанын анықтады. Сонымен бірге үйдің бір пәтердің ішінде 8 ш.м үйдегі заттар өртенген. Өрттің жалпы аумағы 288 ш.м. құрады. Сағат 10.39-да жалын ауыздықталып, 11.48-де өшірілді», - деді № 3 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Даулет Шынарбай
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Өрт сөндірушілер 35 адамды қауіпсіз жерге шығарып, екі адамды құтқарды.