Бір адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті
Жексенбі күні Лос-Анджелестегі барлардың бірінде атыс болды. Соның салдарынан 6 адам жарақат алған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
KTLA телекомпаниясының хабарлауынша, Бойл-Хайтс орамындағы Holiday барында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:45 шамасында атыс болған.
Куәгерлер келушілердің арасында төбелес болып, бір адам тапаншамен оқ атқанын айтқан. Соның салдарынан 4 ер адам мен 2 әйел жарақат алды, олардың бірінің жағдайы ауыр.
Күдікті қамауға алынды, полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.