Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады – Президент

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні

фото: egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанатынын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады»,- делінген жазбада.