Таразда көше бойынан тағы қару табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Белгісіз біреулер көше бойындағы ағаштың жанына мылтық пен патрондарды жасырған

фото: Жамбыл облысы ҚАЖД

Таразда көше бойынан тағы қару табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

«28 тамыз күні сағат 20:25 шамасында қаладағы Көшек батыр көшесі бойынан қару табылды. Атап айтқанда, аталған көше бойындағы ағаштардың бірінің жанындағы шифр астында нөмірі жоқ оқтаулы, "Байкал" маркалы бір ұңғылы 5 мылтық және 9 мм калибрлі 16 дана патрон жасырынғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл факт Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесі мен Тараз қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе өткізген жедел-іздестіру шаралары кезінде тіркеліп отыр.