Риддер тұрғыны жылыжайда марихуана өсірген

Автор: Azattyq Rýhy

«Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында 500-ден астам есірткі өсімдігі жойылды

фото: ШҚО ПД

ШҚО-да Криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамының біріндегі саяжайда марихуана өсірумен айналысқан 63 жастағы Риддер қаласының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер алдын алу шарасы барысында 480 бұта есірткі өсіп тұрған арнайы жабдықталған жасырын жылыжайды тапқан.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 300 бабы, яғни құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.