Қазақстанда дизель отынына қатысты шағымдар үшін жедел желі іске қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Клиенттерді қолдауға арналған жедел желі стационарлық және мобильді нөмірлер бойынша, сондай-ақ мессенджерлерде қолжетімді

Фото: Алау

Қазақстанда дизель отынына қатысты шағымдар үшін жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық мемлекеттік органның кері байланысының бұл түрі азаматтарға елдегі жанармай құю станцияларындағы заң бұзушылықтар туралы ҚР Энергетика министрлігіне жедел хабарлауға мүмкіндік береді.

Call-center:

Қалалық: +7 (7172) 78-69-55

Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31

Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31

Энергетика министрлігінің жедел желісіне оператор бекітілді, ол келіп түскен өтініштерді бақылап, талдап отырады.

«Азаматтардан алынған ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заң бұзушылықтардың барлық фактілері тиісті шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға берілетін болады. Болжамдар мен қауесет болдыртпау үшін біз азаматтарды АЖҚС тарапынан бұзушылықтар немесе заңсыз құю фактілері туралы «жедел желіге» хабарлауға және көмек көрсетуге шақырамыз», - деп көрсетті Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ еліміздің ірі АЖҚС-тарындағы «жедел желілер» бойынша қосымша деректерді ұсынамыз.

Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз

Call-center: 9911

Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46

Instagram: azs_qazaq_oil

Sinooil

Call-center: 8-800-070-01-80

Instagram: sinooil.kz

Helios

Қолдау орталығы: 8-800-080-5444

Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39

Instagram: helios_kz

Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty

Газпромнефть

Call-center: 8-800-080-10-08

Instagram: gazpromneft_kz.