Жоба шамамен 150 мың баланы қамтиды
Алматыда ArtSport бойынша секциялар мен үйірмелерге кімдер тегін қатыса алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Алматыда ArtSport бойынша тегін үйірмелер мен секцияларға төмендегі санаттағы балалар қатыса алады:
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізбесіне енгізілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын балалар;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
қандастардың балалары;
көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
толық емес отбасылардан шыққан балалар;
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары.