Қарағандыда 23 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

Автор: Azattyq Rýhy
фото: crimeantatars.club

Қарағандыда 23 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Patriotnews.kz АА сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында 23 мектепке жаңа оқу жылына толықтай дайын екені туралы акт әлі берілген жоқ.

Мұнда бір мердігер ұйым бірден 9 мектепті жөндеуге тендер ұтып алған. Алайда жұмыс күші жеткіліксіз болып отыр.

Егер жаңа оқу жылы басталуына кедергі келтірілсе мәселе сотта қаралмақ.

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары жөндеу жүргізіліп жатқан мектептерді аралап, бірқатар ұсыныстарын айтты.