Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды
Көкшетаулық студент аса ірі көлемде «мефедрон» психотроптық затымен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетауда жедел уәкілдер жергілікті колледждердің бірінің 19 жастағы студентін ұстады. Жазғы демалыстың екі айында жас жігіт қаланың әр ауданында «мефедрон» психотропты затын салып, фотосуреттерді кураторларға жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары барысында полицейлер оның ұялы телефонын тәркіледі.
«Тінту барысында полицейлер «мефедрон» психотроптық заттың аналогы құрамдас 64 қалташасын тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес оның салмағы 22,64 граммды құрады»,- делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.