Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 31 тамызға дейін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертті
Елордада Қабанбай батыр даңғылы мен Ақмешіт көшесі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 27 - 31 тамыз аралығында сағат 22:00-де Қабанбай батыр даңғылының Дінмұхамед Қонаев көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.
Сонымен қатар 28-31 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектеледі.