Қазақстан арзан баспанаға қол жеткізуге болатын 10 елдің қатарына кірді

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғын үй бағасы төмен елдердің ондығына ТМД-да басқан ел кірген жоқ

Фото: 74.ru

Қала орталығындағы тұрғын үй құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 106 елдің ішінде ең төмен баға бойынша 10 елдің қатарына кіреді. Numbeo мәліметтеріне сүйенсек, елдегі тұрғын үйдің «шаршы метрі» салыстырмалы түрде арзан ғана емес, қолжетімді де, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

FinProm зерттеуінде айтылғандай, Қазақстанда қала орталығындағы тұрғын үйдің бір шаршы метрі орташа есеппен 927,2 доллар тұрады. Тұрғын үй бағасы төмен елдердің ондығына Қазақстаннан басқа бірде-бір ТМД елі кірген жоқ.

Төмен бағамен алғашқы үштікке Пәкістан (шаршы метріне 585 доллар), Мысыр (618,2 доллар) және Венесуэла (672,1 доллар) кірген. Тұрғын үйдің ең қымбат бағасы Гонконг, Сингапур және Оңтүстік Кореяда тіркелді.

«Қарастырылып отырған 106 елде қала орталығындағы тұрғын үйдің шаршы метрінің құны мен «таза» (яғни салықтан кейінгі) айлық жалақыны салыстыратын болсақ, Қазақстан 31-орынға шығады. Бұл да ТМД елдерінің ішіндегі ең жақсы көрсеткіш. Республикада орташа «таза» жалақыға қала орталығында шамамен 0,45 шаршы метр тұрғын үй сатып алуға болады», - дейді сарапшылар.