Оларға қызметтік куәліктері табыс етілді
Өскеменде Ата заң мерекесі қарсаңында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөінідегі кеңес төрағасы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антты бірінші болып Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Койшинов Казыбек Кадешович, жетекші маманы Барыс Дана Болатбекқызы қабылдады. Содан соң Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Қабдолдаев Тілек Тоқтауұлы, Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Бейсенғазинова Жадыра Ренатқызы, Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сизова Надежда Юрьевна және басшысы Турганбаев Гасан Болатбекұлы, Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ланге Алия Аскаровна және басшысы Ашимова Аяужан Турсынбекқызы халыққа адал да білікті түрде қызмет етуге ант беріп, қызметтік куәліктері табыс етілді.
«Мемлекеттік қызметші алдымен өз халқына адал болу керек. Мемлекеттің мүддесін қорғау керек. Өз жұмысын тиімді атқарып, мемлекетке және қоғамға пайдалы болу керек. Бұл - үлкен сенім, үлкен міндет», - деді Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Қабдолдаев Тілек Тоқтауұлы.