Өйткені бюджетте оған жергілікті қаражат жоқ
Алматыда Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкіміне тегін спорттық-шығармашылық секцияларға мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру бағдарламасы туралы сұрақ қойылды.
Досаев 1 қыркүйектен бастап бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылады, өйткені бюджетте оған жергілікті қаражат жоқ деп жауап берді.
"Біз жеткізушілер және ата-аналар алдында адал болдық. Біріншіден, қаржыландыру мәселесін шешу керек, бюджетте қаражат қарастырылмаған. Мен бағдарламаның маңызды екенін және қалаға қажет екеніне келісемін. Сондықтан, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға арналған спорт секцияларының қалалық бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Мен өзімнің орынбасарым Арман Қырықбаевқа мұқтаж жандарға ғана бағытталған бағдарлама дайындауды тапсырдым" - деді Ерболат Досаев.