Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасын заңсыз өсіргендер рақымшылыққа ілігіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Іс бойынша 60 миллион теңгеден аса сомаға монополиялық табыс тәркіленді

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысындағы жанармай құю станцияларының иелері ТМД нарығында сұйытылған мұнай газы бағасын заңсыз өсірген. Аталған іске кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылған. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасы сұйытылған мұнай газ нарығындағы заңдылықтық жай-күйіне тексеру жүргізіп, нәтижесінде сұйытылған мұнай газы бағасын бір мезгілде көтеру түрінде бәсекелестікке қарсы келісім деректерін анықтаған.

"Прокурорлық ден қою нәтижесі бойынша 54 автогазқұю станцияларының иесіне, сондай-ақ газ өңдеу зауытына айыппұл салынып, 60 миллион теңгеден аса сомаға монополиялық табыс тәркіленді. Бұдан басқа, арнайы бағдарламалардың көмегімен электронды сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалау үшін сұйытылған мұнай газы нарығындағы субъектілердің сөзбайласуы анықталды", - делінген хабарламада.