Атырау облысында жүргізуші түйені қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер жануардың иесін анықтап жатыр

ҚР ІІМ

Атырау облысында Доссор-Атырау тас жолында Lexus жүргізушісі түйемен соқтығысты. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер жануардың иесін анықтап жатыр. Ал 39 жастағы Lexus жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиға 24 тамызда сағат 21:30 шамасында орын алған.

Полиция түйенің иесін анықтайды. Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.