Күдікті қолға түсті
Жетісайда қойманың бұрынғы қызметкері кассадан 6 млн теңге ұрлап кетті, оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, сусындар сақталған қоймаға белгісіз біреу кіріп, кассадан 6 миллион теңге ұрлап кеткен.
Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ақша ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.