Республика бойынша кей өңірде жерлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі
«Оңтүстік, оңтүстік-шығыс антициклоны ықпалымен еліміздің басым бөлігінің ауа райы ашық және құрғақ болады. Сондай-ақ ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақтала отырып, бұл өңірлерде найзағай, жаңбыр жаууына әсер етеді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болуы мүмкін.