Компания жергілікті қызметкерлер үлесінде алшақтық болмайды деп сендірді
InDriver компаниясының Ресейдегі және басқа елдердегі бірнеше жүздеген қызметкері жыл соңына дейін Алматыдағы кеңсесіне ауысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Forbes.kz сайтына сілтеме жасап.
Компанияның бас маманы Айбек Жолдыбай компания қызметкерлерінің басым көпшілігінің Қазақстанға көшуге «оңай келісімін» бергенін айтты. Спикер олардың бұрынғы еңбек жағдайлары мен жалақылары сақталатыны туралы ақпаратты жеке құпия деп атап, жария етпеді.
«Қазақстандық кеңседегі жергілікті қызметкерлер үлесіндегі алшақтық біртіндеп жойылады. Өйткені біз жергілікті мамандарды көптеп жұмысқа алып жатырмыз. Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының кеңселерінде 50-ге жуық бос жұмыс орны ашылды», - деді ол.