Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға келді

Автор: Azattyq Rýhy

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жоспарланған

Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy «БОРТ №1» Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.