Алдағы күндері солтүстік өңірлерде күн күрт суытады – синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа райы ашық және ыстық болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алдағы тәуліктерде республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық және ыстық ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының қалыптасуына солтүстік циклон әсер етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Аптаның соңына қарай солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+38°С шамасында сақталады, республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы +25+32°С-тан +20+28°С-қа дейін, солтүстігінде +22+27°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендейді.

Ал елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы +18+28°С, оңтүстігінде +28+35°С, оңтүстік-шығысында +20+30°С шамасында болады.