Республика бойынша жел күшейіп, түнде салқын болады
Синоптиктер 24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Солтүстік-батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда солтүстікте, шығыста орталықта тұман түседі, түнде еліміздің солтүтігінде, орталығында, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.