Атырауда үш адамды атып өлтірген ер адамның ісі сотқа жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы 2022 жылғы 5 қыркүйекте өтеді

Фото ашық дереккөзден

Атырауда үш адамды атып өлтіріп, тағы біреуін жарақаттаған жігіттің ісі сотқа жетті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктіге қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1, 6-тармақтарымен тергелген.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс жүргізуіне ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1, 6-тармақтарымен айыпталған К.Б.-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы 2022 жылғы 5 қыркүйекте сағат 15:00-ге тағайындалды», - деп мәлім етті Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін жарақаттаған күдіктінің қамауға алынғаны хабарланған еді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс 15 наурызда сағат 22:10 шамасында болған. Атырау қаласының «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада тапаншадан атылған оқтан 27 және 23 жастағы екі жігіт қаза тапқан. Ал, 1995 жылғы 1 адам ауруханаға жеткізілген.