Қазіргі кезде іс сотқа жолданды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған.
«Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілген», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазіргі кезде іс сотқа жолданды.