Ақтауда жолға белгі салып жүрген жұмысшыны көлік қағып, қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда жолға белгі салып жүрген «Қала жолдары» мекемесінің жұмысшысын көлік қағып, мерт қылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық аруханасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға 25 маусымда сағат 22:30 шамасында болған еді. 29 «а» шағынауданында жолға белгі қойып жүрген азаматты «Toyota Alphard» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Ер адам ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген еді. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қайтыс болған адам 1960 жылы туған. Оған дәрігерлер ашық бас сүйек жарақаты, бас сүйегінің жарылуы, мидың ауыр жарақаты, оң жақ уақытша аймақтың эпидуральды қан кетуі, субарахноидты қан кету, бет сүйектерінің бірнеше жерден сынуы, жоғарғы жақтың сынуы, мұрын сүйектері, сол жақ гумерустың сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы екі қабырғаның жабық сынуы диагнозын қойған еді.