Алматыда мопед жүргізушілері бір күн ішінде 114 рет жол ережесін бұзған

Автор: Azattyq Rýhy

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда мопед жүргізушілері бір күн ішінде 114 рет жол ережесін бұзған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәселен, Алматыда алдын алу іс-шарасының бір күнінде мопед жүргізушілері 114 рет жол ережесін бұзған. Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 698 364 теңгені құрады», – деді ол.

Сондай-ақ ол жаз мезгілінде Алматыда мопед және электросамокат жүргізушілерінің жол ережелерін бұзу оқиғалары артқанын атап өтті.

«Статистикалық мәліметтер бойынша Алматыда мобильді көліктердің қатысуымен жол апаттарының саны 4 есе өскен. Биылғы жылдың 6 айында мопед және электросамокаттардың қатысуымен 77 жол апаты болып, салдарынан 81 адам жарақат алып, біреуі қайтыс болды. Сондай-ақ, самокат пен скутерде балалардың қатысуымен 21 жол апаты тіркеліп, одан 23 бала жарақат алды», - деді ол.