Еліміздің солтүстігінде ауа райы 30 градусқа дейін жылынады – синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 23-25 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің хабарлауынша Қазақстанның басым бөлігі аз қозғалатын антициклон жотасында болады, бұл бұлттардың көбірек сейіліп, күн сәулесінің еліміздің солтүстік өңірлеріндегі суық ауаны жылыта бастауына көмектеседі.

«Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, онымен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік және тұман сақталады.

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+35°С, солтүстік-батыста +23+33°С, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25-тен +23+30°С-қа дейін, орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін, шығысында +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32°С, оңтүстік-шығысында +20+28°С», - делінген синоптиктер болжамында.