Апат салдарынан тағы 20-дан аса адам жарақат алған
Түркияның Дерик қаласында жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті. Оқиға жанармай құю бекетінің жанында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, көліктің тежегіші істен шыққан.
Полицияның айтуынша, ол алдымен тоқтап тұрған екі көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 20-дан аса адам жарақат алды.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жұмыс істеп жатыр.