Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

2004 жылы туған сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Автордың жазуынша, оқиға 19 тамыз күні болған. 2004 жылы туған сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған.

«Жамбылда атыраулық сарбаз қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. 2004 жылы туған Мираш Бекбол Досболұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тумасы», - деп жазды қоғам белсендісі.

Дегенмен, сарбаздың өліміне қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.