Батыс Қазақстан облысында құс фабрикасында өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Цех түгелдей жанып кетті

Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында құс фабрикасында өрт шықты. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттен мәлім еткендей, оқиға 20 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болды.

«Сағат 12:20-да ауыл маңында орналасқан құс фабрикасының цехы жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 21 адам (5 техника) жұмылдырылды. Өрт сағат 14:13-те толықтай жойылды. Өрт салдарынан жалпы аумағы шамамен 1 875 шаршы метр құсқа арналып салынған цех түгелдей жанып кетті. Адамдар аман. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.