Солтүстік Қазақстанда жеті ай ішінде 464 интернет-алаяқтық тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 474 болған

Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда жеті ай ішінде 464 интернет-алаяқтық тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да полицейлердің ауқымды профилактикалық жұмыстары интернет-алаяқтықтың өсуін тоқтатуға септігін тигізді. Бұған дейін осындай қылмыстардың саны ұдайы өсті. 2022 жылғы жеті ай ішінде облыста 464 интернет-алаяқтық тіркелді – өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 474 болған.

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тәртіп сақшылары тұрғындарды желідегі алаяқтық схемасы туралы ескертеді. Сондай-ақ, пәтер бойы тексеру жүргізілуде. Оған учаскелік инспекторлар мен криминалдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ басқа бөліністердің қызметкерлерінен құрылған топтар жұмылдырылды. Полицейлер күнде петропавлдықтардың есігін қағып, жадынамалар мен буклеттерді таратуда, алаяқтардың қармағына түспеудің жолы туралы көшелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, полицейлер кеше 500-ден астам пәтер мен 29 ұйымды аралап, профилактикалық әңгіме жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты. WhatsApp мессенджеріндегі үйдің чаттарына, еңбек ұжымдарының топтарына алаяқтық қаупі туралы ескертетін аудио және бейне материалдар жолдады.

«Мақсаты – халыққа алаяқтардың желіде жиі қолданатын тәсілдерін түсіндіру. Бүгінгі таңда “банктен қоңырау шалу” жолымен жасалған оқиғалар жиілеп кетті. Қылмыскерлердің мақсаты – сізді несие алуға немесе өзіңіздің жинаған қаражатыңызды алаяқтарға тиесілі, олар ұсынған шотына аударуға көндіру. Алдаудың таралған басқа түрі – белгілі интернет-ресурстағы жалған хабарландырулар. Желіден қандай да бір затты сатып алмас бұрын сатушының адалдығына толық көз жеткізбейінше алдын ала төлем жасауға келіспеңіздер. Сондай-ақ, өзіңіздің құпия мәліметтеріңізді, парольді, пин-кодты және банк картасының сыртында жазылған cvv-кодты, sms бойынша келген бір реттік кодты ешкімге айтпаңыздар», – дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлім бастығы Рустам Садулов.