Бұл туралы Оқу-ағарту министрі тамыз конференциясында айтты
Қазақстанда онлайн мектептер мен колледждерді енгізу заңмен бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Әрине, онлайн оқуға әркім әртүрлі қарауы мүмкін. Бірақ біз бұл қазіргі заманның шынайылығы екенін түсінуіміз керек. Біз онлайн мектептер мен колледждер бойынша норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін шаралар қабылдағымыз келеді. Бұл мәселе алдын ала талқыланады. Себебі қазір интернеттің шегі мен шеті жоқ. Егер біздің балаларда онлайн колледждерде оқу мүмкіндігі болмаса, олар шекаралас немесе басқа елдерден білім алады", - деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.