Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін
Синоптиктер 20-22 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес алдағы тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон жотасы аймағындағы атмосфералық фронттар әсер етеді.
«Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай соғады деп болжанады. Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп, тұман түсуі мүмкін. Еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда ауа температурасы аздап көтеріледі», - делінген хабарламада.