Бұл еңбек демалысының ақысына әсер етпейді
Келесі жылдан бастап үш ауысымды мектептерден басқа мектептің бәрін бес күндік оқу форматына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл мектеп директорларына, ұстаздарға, мектептің барлық қызметкерлеріне қатысты. Біздің ойымызша, сенбі күні ұстаздар демалуы керек, балаларымен бірге болуы керек. «Бұл еңбек демалысының ақысына әсер ете ме?» деген сауал туындауы заңды. Бұл еңбек демалысының ақысына әсер етпейтін болады», – деп мәлімдеді министр.
Айта кетейік, бұл қатарға үш ауысымды мектептер кірмейді. Ал еңбек демалысы 56 күн болып өзгеріссіз қалады.