Алматы-Шелек-Қорғас тасжолында көлік апатынан екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған оқиғаға орай ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-ші тармағы бойынша іс тіркелді

фото: Алматы облыстық ПД

Алматы-Шелек-Қорғас тасжолында көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жол-көлік оқиғасы 18-ші тамыз күні сағат 13:40-та Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 109-шы шақырымында орын алды.  «Хюндай Соната» көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Деу Нексия» көлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан «Деу Нексия» көлігі жолдың жиегіне аударылған. Оқиға орнында аталған көліктің екі жолаушысы мерт болды»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

AMP

Тегтер: