Пәкістанда 14 адам су тасқынынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Табиғат апатынан қайтыс болғандардың бесеуі балалар

фото: www.belta.by

Пәкістан табиғи апаттармен күрес Ұлттық басқармасының (NDMA) мәліметінше елде су тасқынынан кем дегенде 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

NDMA деректеріне қарағанда Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Хайбер-Пахтунхва мен оңтүстіктегі Синд провинциялары тасқын судан қатты зардап шекті. Елде 350-ден астам үй қираған.

Пәкістанда жаңбырлы маусым басталғаннан бері жалпы саны 649 адам су тасқынынан қаза тапты. Олардың ішінде 238-і балалар, ал 139-ы әйелдер.1030-дан астам адам зардап шеккен.

Сонымен қатар нөсердің салдарынан 73 мыңға жуық үй қирап, 130 көпір құлаған.