Конституция күніне орай неше күн демалыс болады

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл 30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп тұр

Фото: ашық дереккөзден

30 тамыз күні елде Конституция күні аталып өтіледі. Осыған орай қазақстандықтар тамыз айында қатарынан үш күн демалады. Бұл туралы «Электронды үкімет» ресми порталы хабарлады.

30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, тамыздағы демалыс күні дүйсенбіге, 29 тамызға ауыстырылды.

Осылайша, қазақстандықтар мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.