Нұр-Сұлтанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жарыста жақсы нәтиже көрсеткен атлеттерге Токио олимпиадасына жолдама беріледі

фото: olympic.kz

18-25 сәуір күндері Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайында ауыр атлетикадан Токио олимпиадасына лицензия беретін Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Біріншілікке Азия құрлығынан 45 мемлекеттің спортшылары бақ сынайды. Бүгінге дейін 13 мемлекеттен 139 спортшы жарысқа қатысу туралы өтініш жасап үлгерген.

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласына Азия аймақтық ауыр атлетика федерациясының өкілдері Дэвид Голдстор, Сирилак Татман және Афиния Даттуяват арнайы сапармен келіп, құрлық додасы өтетін кешеннің дайындығын қадағалады. Халықаралық федерация мамандары қаланың спорттық инфрақұрылымына жоғары баға беріп, жарыс өткізуге рұқсат етті.