Қарағандыда мешітте ұрлық жасаған жігіт ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті бірнеше рет мешітте ұрлық жасағаны белгілі болды

фото: egemen.kz

Қарағандыда мешітте ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу мешітте болған сәтінде құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап әкеткені туралы хабарлаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Мешіт ішінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарау барысында полицейлер қылмыс жасап, ізін жасырған жас жігітті анықтады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

«Күдіктіге қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлері оның осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Күдікті 30 шілде күні тағы да мешітке кіріп, ішінде құжаттары бар қол сөмке, банк картасын және ұялы телефон ұрлаған. Белгілі болғандай, 37 жастағы жәбірленуші аталған заттарды терезе алдына қойып қойған. Осы сәтті пайдаланған күдікті ұрлық жасаған», - деп көрсетті Қарағанды облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: