Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен кездесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар авиация саласындағы ынтымақтастық, Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал салу, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.