Ақтөбеде Газель мен жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алған 4 адам ауруханаға түсті

фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде Газель мен жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 тамыз күні сағат шамамен 17.00-де «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Газель автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы жолда қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан «Тoyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан «Тoyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, 4 жолаушы Темір аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: