47 жастағы келіншек 12-тамыздан бері үйіне оралмаған
Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Садықова Сәния Қадырханқызы 12-тамыз күні шамамен сағат 18.00– 19.00 шамасында жоғалған.
Сәния үй әрлеу, еурожөндеумен жұмыстарымен айналысады. 12 тамыз күні кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошарсыз.
Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқ киімі бар. Жақындарының айтуынша, жоғалған әйел дін жолында екен. Ішімдікке немесе басқа да әдеттерге үйір емес.