Кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды
Павлодарда жетім қызды зорлаған күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша полиция ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігі, 121-бабының 3-1-бөлігі және 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде», - деп көрсетті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу ерекше бақылауда.