Сол сияқты мектеп жәрмеңкелерін өткізуді де тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайылов өңір әкімдіктері көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелерін және шалғай ауылдарға шығатын автодүкендерді ұйымдастыру қажет. Сауда министрлігі «Атамекен» палатасымен және әкімдіктермен бірлесіп, мектепке қажетті керек-жарақтар бағаларының тұрақты болуын қамтамасыз етсін. Индустрия министрлігі «Атамекен» палатасымен бірлесіп, мектеп формасының құнына қатысты мәселені пысықтасын. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы мәселелерді бақылауға алсын», - деді Үкімет басшысы.