Маймыл шешегі әлемнің 94 елінде тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

ДДҰ деректері бойынша маймыл шешегінің таралуы жөніндегі әлемдегі жағдай туралы жедел ақпарат жарияланды

фото: www.gov.kz

Маймыл шешегі әлемнің 94 елінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгінгі таңда әлемнің 94 елінде 35 507 жағдай тіркелген.  

Аталған індет ең көп таралған ел – АҚШ, мұнда 11 177 адамнан анықталды. Испания – 5719, Германия – 3102, Ұлыбритания – 3017, Бразилия – 2754, Франция – 2659 адам ауырған.  

10 адам маймыл шешегінен көз жұмды, Испанияда 2, Бразилияда 2, Перуде 1, Ганана 1, Эквадорда 1, Үндістанда 1, Панамада 1 және Оңтүстік Кореяда 1 адам маймыл шешегінен қайтыс болды.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ. Аталған инфекция тіркелген Африка және басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады», - деп көрсетті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.