Көмір сұрыптау кезінде белгісіз зат жарылып, бір адам мерт болған
Тайтөбеде жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 14 тамызда Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында орын алды. Ауыл тұрғынының ауласында көмірді сұрыптау кезінде жарылыс болып, үй иесі қаза тапқан. Сонымен қатар 2 адам жарақат алып, ауруханаға түсті.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, механикалық зақымдалмаған газ баллонды тауып, тәркіледі. Аталған факті ҚР ҚК 292-бабының 2-бөлігі (Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аясында полиция қызметкерлері жарылыстың көзі мен техникалық себебін анықтауға мүмкіндік беретін сот-жарылыс техникалық сараптамасын тағайындады.