Альберт Бурла бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды
4 рет вакцина салдырған Pfizer фармацевтикалық корпорациясының атқарушы директоры Альберт Бурла ковид жұқтырды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Коронавирусқа тапсырған тесттің оң болып шыққанын хабарлағым келеді. Pfizer – BioNTech вакцинасын 4 рет салдырғаным дұрыс болды, ковид симпомдары аздап ғана сезіледі. Оқшауланып, Paxlovid препаратын қабылдауды бастадым», - деп жазды Бурла.