Алдын ала деректерге қарағанда зардап шеккендер бар
Ереванда «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новости-ға сілтеме жасап.
«Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болып, артынша өрттенді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда зардап шеккендер бар», - деді Армения ТЖМ баспасөз хатшысы Айк Костанян.
Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс жасап жатыр.