Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде
Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасы салдарынан Land Cruiser көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
14 тамызда сағат 02:30 шамасында Тұран даңғылымен келе жатқан Toyota Avensis автокөлігінiң жүргізушісі артқа қарай жүргенде Toyota Land Cruiser 150 автокөлігіне соғылған. Соққыдан кейін Toyota Land Cruiser жүргізушісі рульді басқара алмай аударылып, жол шетінде тұрған Nissan Europe автокөлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көліктің 21 жастағы жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.